11.07.2014, 20:22 2879

Перзентханаларда бала дамуының жеке карточкасы берілетін болды - ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымымен бірге әзірлеген "0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы" перзентханаларда таратылатын болады.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымымен бірге әзірлеген "0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы" перзентханаларда таратылатын болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұсыныстарын ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын" әзірледі. Кітапшадан ата-аналар дәрігерлердің кеңестерімен танысып, сонымен қатар сәбидің бойы мен даму барысына қадағалау бойынша күнделік жүргізе алады.

Ведомстваның хабарлауынша, "0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасы" перзентханаларда босанған әйелдерге таратылып, отбасы үшін баланың қалыпты дамуы бойынша нұсқаулыққа айналады. Мұндай кітапшамен әрбір ананы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

"0-ден 5 жасқа дейінгі бала дамуының жеке карточкасын" әзірлеудегі мақсат - нәрестенің бойы, дамуы және денсаулығы туралы мәліметтерді ескеріп, сақтау болып табылады. Сондай-ақ, кітапшада нәрестені қалай дұрыс емізу, қай кезде және қандай қосымша тамақ беру, психикалық және физикалық қалыпты дамуы үшін қалайша уқалау және гимнастика жасау туралы мамандардың кеңестері берілген.

Карточка әрбір отбасында болып, ата-аналар мамандардың кеңестеріне сай толтыруы керек. Ол ата-аналар мен медицина қызметкерлеріне бала денсаулығын, бойы мен дамуын мониторингілеуге, ауытқуларды ерте байқауға және уақытында түзетуге мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны