25.10.2022, 12:40 23651

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана. 25 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Ақорда" резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды.
 
Биыл ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өңірлерде де жалғасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны