07.01.2022, 15:15 371

Президент содырлар толығымен жойылғанша лаңкестікке қарсы іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды

Президент содырлар толығымен жойылғанша лаңкестікке қарсы іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАҢТАР - Лаңкестікке қарсы акцияларды содырлар толық жойылғанға дейін жалғастыру керек, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және күштік құрылымдар басшылығының қатысуымен өткен лаңкестікке қарсы штабтың бүгінгі отырысында, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.
 

Антитеррор операциясы басталды. Күштік құрылымдар қауырт жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бүкіл өңірде конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алайда лаңкестер қару қолданып, азаматтардың жеке мүлкіне залал келтіруде. Сондықтан лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Құрылымдық күштер басшыларының хабарлауынша, жалпы тәртіпті реттеуге атсалысу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгерлік әскери күштері келе бастады. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шектеулі мерзімге ғана келді.
 
Жиында Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы есеп берді.
 
Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайды одан әрі тұрақтандыру жөнінде бірқатар нұсқау берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны