07.07.2022, 17:10 31096

Президент ҚТЖ-ны ауқымды жаңғырту қажеттігі туралы айтты

Президент ҚТЖ-ны ауқымды жаңғырту қажеттігі туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. 7 ШІЛДЕ - Үкімет басшылығының, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ны ауқымды жаңғырту қажеттігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
 

Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек", – деді Мемлекет басшысы.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді.
 

Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны