Сурет: Depositphotos
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Жарлыққа өзгерістер енгізу ұсынылады. Атап айтқанда, тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы".
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Қолданыстағы редакцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттігіне қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынады.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.