16.03.2026, 15:51 3041

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримовамен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Өзара іс-қимылдың тұрақты оң серпіні атап өтіліп, мектепке дейінгі және мектеп білім беру жүйесін реформалау тәжірибесімен алмасудың, заманауи білім беру стандарттарын енгізудің, сондай-ақ оқушылар мен педагог кадрларды даярлау сапасын арттырудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында Елші білім беру саласының елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту сапасы қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайтынын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайтуға, білім беру үдерістерін цифрландыруға, дарынды жастарды қолдауға, педагог кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және білім беруде инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Елші Министрді 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит туралы хабардар етті. Іс-шара аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен "Балалар, жастар және климат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жаңа практикалық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны