17.04.2023, 15:55 26376

ҚР энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шыңғыс Ильясов "ҚазТрансОйл" АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры болған
ҚР энергетика министрінің кеңесшісі тағайындалды
Сурет: gov.kz
Астана. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Шыңғыс Ильясов ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Шыңғыс Ильясов "ҚазТрансОйл" АҚ Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры болған.

Шыңғыс Ильясов еңбек жолын Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің Жастар орталығының кеңесшісі болып бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде, Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінде, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде жұмыс істеді.

Шығыс Еуропа университетінің Халықаралық қатынастар факультетін, Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің менеджмент факультетін бітірген.

Бұған дейін Қазақстанның жаңа энергетика министрі тағайындалған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны