09.11.2021, 20:35 53169

ҚР ІІМ: ресейлік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатпайды

ҚР ІІМ: ресейлік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатпайды
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАРАША - Ресейлік есептегі көліктерге жүруге рұқсат берілді.
 
Бүгін бірнеше көлік иесі мен тиісті сала мамандары арасында кездесу болды, деп хабарлайды "Хабар 24"
 
Жиында тараптар осындай шешімге келді. Тек көлік иелеріне қойылатын талап - жол ережесін бұзбау. Ал тәртіп бұзылған жағдайда заң шеңберінде шаралар қолданылады. 80 мыңнан аса автокөлік Қазақстанда емін-еркін жүр. Оның арасында Ресейде ұрланды деген көліктер де бар екен. Қазір олар айыппұл тұрағына қойылған. Әрі қарай шешім нақты айтылатын болады. Осы мәселеге қатысты министрлік тиісті шаралар қабылдамақ. 
 

Министрлікпен бірге мәселелеріңізді көтереміз. Жедел алдын алу іс-шарасын тоқтатып, жүргізушілерге жүру мүмкіндігін берейік деп айтамыз. Екі сағат бойы осы жердегі әңгімеміз сол. Мен жасамаймын деп айтып тұрған жоқпын ғой", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.


Егер полиция қызметкерлері көлікті еш себепсіз тоқтатса, 102 қызметіне немесе Call-орталықтарға +7-708-382-13-76, 7172-71-69-77, 7172-67-75-75 нөмірлері бойынша қоңырау шалуға болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда тамыз айынан бастап ІІМ Мемлекеттік кірістер комитетімен және ҰҚК-мен бірлесіп Ресей Федерациясынан келетін автокөліктерді тексере бастады.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны