07.09.2023, 15:24 29081

ҚР Үкіметінде оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды

Кеңес отырысында бірқатар теміржолдарды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады
ҚР Үкіметінде оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы және "Самұрық-Қазына" қорының басшылары қатысты.

Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан астам адамды қамтиды.

Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін "Қарағанды - Жезқазған" автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғимараттарын салу жоспарлары қаралды.

Одан бөлек қатысушылар бірқатар теміржолдарды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражаттың уақытылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны