08.11.2022, 15:46 34291

ҚР Президенті Абай орталығының Атырау облысындағы қызметімен танысты

Президент "JasSpace" STEM зертханасында жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты.
Астана. 8 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Президент орталықта белгілі тұлғалардың домбырыларынан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.
 
Абай орталығында оқушылардың үйірмелерге қатысып, өнер түрлерін үйренуіне жан-жақты жағдай жасалған.
 
Президент "JasSpace" STEM зертханасында жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты. Сондай-ақ бір топ жас домбырашы Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады.
 
Шахмат кабинетінде Мемлекет басшысы жас шахматшылармен әңгімелесті. Олардың арасында биыл Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Зарина Нұрғалиева да болды. Президент дарынды шахматшыдан болашақтағы жоспарын сұрап, сәттілік тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны