08.02.2022, 18:11 25181

ҚР Президенті барлық майнингтік фермаларды анықтауды тапсырды

ҚР Президенті барлық майнингтік фермаларды анықтауды тапсырды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысы барысында заңсыз жұмыс істеп тұрған барлық майнингтік фермаларды анықтауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Барлық майнингтік фермаларын анықтауды, салық және кеден мәселелерін тексеруді тапсырамын. 15 наурызға дейін есеп беріңіз. Мемлекет ақ майнингтен қарсы емес. Бірақ осы салада жұмыс істегісі келетіндердің тиісті лицензиясы болуы керек. Біз майнингтік салықтарын арттырамыз - қазіргі мөлшерлеме аз", - деді Мемлекет басшысы.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесін АЭС салу арқылы тез арада шешу қажет деп санайды.
 

Жауапты тұлғалардың атом станциясын салу мәселесі жөніндегі сауалдарға жауап беруден неге жалтаратындарын түсінбеймін. Шындығын айту керек: егер таза атом энергиясы болмаса, инвестиция тартпақ түгілі, барлық экономикадан да, аймақтық көшбасшылықтан да айрылып қаламыз. Бізге электр қуаты, әсіресе таза атом энергиясы аса қажет. Экономикалық ахуалдан хабары жоқ популистердің сөзіне ермейік. Атом энергетикасының мәнін кәсіби деңгейде түсіндіру қажет", – деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны