08.06.2022, 14:51 6361

ҚР Президентінің жаңа облыстар құру туралы Жарлығы күшіне енді

ҚР Президентінің жаңа облыстар құру туралы Жарлығы күшіне енді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - 2022 жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Жарлығы күшіне енді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Президент Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына ауыстыру туралы қаулы қабылдады.
 
Құрылды:
 
1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы; 
 
2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы; 
 
3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті өзінің наурыз айындағы Жолдауында жаңа облыстарды құруды тапсырған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны