23.08.2022, 16:52 13211

ҚР СІМ Украина елшісіне оның сөзіне байланысты наразылық білдірді

ҚР СІМ Украина елшісіне оның сөзіне байланысты наразылық білдірді
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесу барысында Елшіге ү.ж. 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 
Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. 
 

Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - деп атап өтті ведомствода.

 
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский украин режимі мүмкіндігінше көп орыстарды өлтіруге тырысып жатқанын айтқан бейне пайда болды. ҚХА украин дипломатының мәлімдемесін айыптады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны