05.04.2022, 15:33 13231

ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Ол Олжас Тулеуов болды.
НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Тулеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
 
Олжас Тулеуов бұған дейін Ұлттық Банк төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті лауазымында болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны