16.06.2022, 14:57 11966

ҚР Жоғарғы Сотының судьялары сайланды

Депутаттардың дауыс беру нәтижесінде Досжан Әмір мен Қамбар Нұрышев Жоғарғы Сот судьялары қызметіне сайланды.
ҚР Жоғарғы Сотының судьялары сайланды
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Сенат депутаттары Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмірді және Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышевті сайлау туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ұсынылған тұлғалардың 33 жылдан астам судьялық жұмыс тәжірибесі бар. Сот қызметін аудандық соттардың халық судьялары ретінде бастады, облыстық соттарды басқарды. Олар судьялар қауымдастығында беделге ие және Жоғарғы Сот судьяларының жауапты жұмысына дайын", - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны