09.01.2008, 10:19 1741

Ресейдің әскери-әуе күштері Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізеді

Ресейдің әскери-әуе күштері Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізеді

Мәскеу. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің әскери-әуе күштері Қырғызстанға гуманитарлық көмек жеткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Новости" агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Ресейдің әскери-әуе күштерінің АН-12 ұшағы мен Ми-8 тікұшағы сейсенбі күні Қырғызстанның зілзаладан зардап шеккен аудандарына гуманитарлық көмек жеткізді.

"Ұшқыштар Қырғызстанның зілзаладан зардап шеккен аудандарына трансформаторлар, көрпешелер, шатырлар және басқа да қажетті заттар жеткізеді", - деді Искери-әуе күштері бас қолбасшысының ақпараттық қамсыздандыру жөніндегі көмекшісі полковник Александр Дробышевский.

Оның айтуынша, дүйсенбі күні Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің өтінішімен Искери-әуе күштері мен Зымыранға қарсы қорғаныс бірлестігінің ұшқыштары гуманитарлық жүктерді Кант қаласының әуежайынан Ош қаласының әуежайына дейін жеткізуге дайындық жұмыстарын бастады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының Сеисмология институтының мәліметтеріне сәйкес, 1-қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша түнгі 00.23-те сілкініс ошағында 5,5 балл көрсеткен жер сілкінісі тіркелген болатын. Сілкініс ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 115 шақырым, ал Таш-Құмыр қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ, 1-қаңтар күні 12.32-де эпицентрінде 6 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Оның кіндігі Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан еді.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрінің мәліметтеріне сүйенсек, Ош облысының ауылдарында дабыл қағарлық жағдай қалыптасқан. Қарасу ауданының Тоғызбұлақ ауылында жер үйлердің 95 пайызы жартылай қираған. Олардың көбісі өмір сүруге жарамсыз. Қара-Согот ауылындағы жер үйлердің 70 пайызының жағдайы ауыр.

Апатты жағдайда шамамен 400 үй тұр. Оның ішінде Ош қаласындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны