20.11.2023, 16:47 26961
Сұйытылған газ бағасы 2024 жылдың басынан бастап қымбаттайды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Бүгінде республикада айына 135 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Тұтыну мұнан көп. Соған байланысты тапшылық туындайды. Автомобиль иелерінің көпшілігі сұйытылған мұнай газына ауысып жатқанын білеміз. Газ балонын орнату реттелмейді", - деді ол БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Оның атап өтуінше, өндіріс тұтыну көлемін қамтамасыз ете алмай отыр.
Сондықтан да бірқатар шара қабылдадық. Теңізшевройлмен ішкі нарыққа ай сайын 10 мың тонна газ жеткізуге уағдаластық. 13 қарашада сұйытылған мұнай газының экспортына толық шектеу енгіздік. Казросгаз компаниясымен Орынбор мұнай өңдеу зауытынан сұйытылған мұнай газының қосымша көлемін бағыттау туралы келістік. Қазіргі уақытта тапшылық байқалмайды", - деді вице-министр.
Мұнан бөлек ол келесі жылдан газ бағасы көтерілетіндігін айтты.
Энергетика министрлігі газ бағасын біртіндеп көтеруді көздейді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының 1 литрі шамамен 5 теңгеге көтеріледі деп күтеміз. Одан кейін алдағы 3 жылдың ішінде газ бағасы әр 6 ай сайын қымбаттап отырмақ",- деді Әлібек Жамауов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
28.05.2024, 13:07 61
Бектенов: Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет
Достарға айту
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру үшін өңдеу секторының негізгі ірі жобаларының тізбесін айқындады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Оған металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және басқа да салалардың 17 жобасы кірді. Олар өндірістік салалардың және экономиканың дамуына ықпал ететін болады. Әрбір жоба бойынша тиісті іске асыру жоспары қабылданды.
Жалпы өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыттар мен міндеттер айқын. Біз шикізатты емес жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалады, экономиканың күрделілігі өседі. Жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты болады. Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса салық ставкасы төмен болады, ал жәй шикізат шығаратын болса салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам", - деп атап өтті Премьер-Министр.
Биыл Индустрияландыру картасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің 180 жобасын іске қосып, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Өндірістің жалпы көлемі 1,6 трлн теңгені, экспорт - 600 млрд теңгені, импортты алмастыру - 1 трлн теңгені құрайды.
Өнеркәсіп министрлігі салалық мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жобаларды уақтылы іске қосуды қамтамасыз етуі қажет. Инвесторлардың барлық сұрақтарын әуре-сарсаңға салмай, жедел шешу керек. Бұл үшін арнайы Инвестициялық штаб жұмыс істейді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-Министр отандық өндірушілерді қолдау және дамыту үшін өңдеу өнеркәсібіндегі отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттеді тапсырды. Бүгінде түсті металдарды қайта өңдеу саласында бұл механизм оң нәтиже көрсетіп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру мәселесін пысықтауы қажет.
Самұрық-Қазына" холдингі мен өңір әкімдіктеріне "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша жергілікті қамту деңгейіне және су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына бақылауды күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:33 971
Тоқаев әзербайжандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін", - деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:11 1356
Қазақстандағы су тасқыны: 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысына вице-премьер Қанат Бозымбаев залалды өтеу алгоритміне сәйкес өңірлерде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Биылғы 28 мамырдағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша 30 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Аталған бағыттағы жұмыс бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданып жатыр.
15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылыстары тексерілді, 11 134-і бойынша бағалау жүргізілді.
Бұл ретте жекелеген өңірлерде сараптаманың төмен көрсеткіші байқалды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында су басқан 4 мың үйдің 2 176-і (54%) тексеріліп, 770 үйге бағалау жүргізілді. Ақтөбе облысында 3 679 үй тексеріліп (73%), 1673 үй бағаланды.
Атырау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері тасқыннан зақымданған үйлерді тексеру және бағалау жұмыстарын аяқтады.
Жалпы еліміз бойынша 9 мыңнан астам үй қалпына келтірілуге болатын құрылыс қатарына жатады. 4 315-і апатты жағдайда деп танылды.
Өңірлер 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, қайталама нарықтан 3 417 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр.
Құрылыс маусымының қысқалығын ескере отырып, оқу жылының басына дейін зардап шеккен азаматтарға үйлер мен пәтерлер беру жоспарлануда.
Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.
Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз", - деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:05 466
Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды
Достарға айту
Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды. Айта кетейік, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
"Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және тасқын суын соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді", - деді Су ресурстары және ирригация министрі.
Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты. Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленетін болады.
Сондай-ақ, елдімекендер үшін тәуекелдерді көрсететін тасқын суы қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 23:41 11581
Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.
Комиссия отырысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі даму мәселелері, тіл мәдениетін арттыру және тілдік капиталды нығайтуға бағытталған үйлесімді әрі теңгерімді тіл саясатын жүргізу мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы және Мемлекет басшысының тапсырмасына орай мемлекеттік тілде жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілге қатысты заманауи IT-жобаларды әзірлеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ ҚР әділет министрі Азамат Есқараевтың мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметі туралы қоғамдық бірлестіктің президенті Рауан Кенжеханұлының баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы Тамара Дүйсенова мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 23:36 11841
Президентке Каспий теңізіндегі ірі кен орындарын игеру туралы баяндалды
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асхат Хасеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына компанияның биылғы бірінші тоқсанда атқарған операциялық және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берілді. Президентке "ҚазМұнайГаздың" көптеген негізгі көрсеткіштер бойынша былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда өсімге қол жеткізгені жөнінде баяндалды.
Асхат Хасенов ірі инвестициялық жобалардың, соның ішінде Жаңаөзенде гибридті электр станциясын және Атырау облысында қуаты 1,25 миллион тонна болатын полиэтилен өндіру зауытын салу, мұнай-химия кластерін дамыту, Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындарын игеру барысы жайында айтты.
Президентке компанияның 2023 жылы іске қосылған газ кен орындары, сондай-ақ қорларды толтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан геологиялық барлау жұмыстары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" Қызылорда облысындағы Торғай палеозой учаскесінде тереңдігі 5 500 метр ұңғыма және Каспий теңізіндегі Абай учаскесінде бұрғылау жұмыстарын жүргізуді көздейді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты атқарған жұмыстары туралы айтылды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау, мұнай-газ химиясы салаларындағы жобаларға ірі инвесторларды тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ отандық мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет екеніне ерекше назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 23:31 12281
Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылым бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша басқарма меншік иесіне қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұруға және учаскені бастапқы күйіне келтіруге нұсқама бере отырып, 1-баптың 316-бабы бойынша әкімшілік шаралар қабылдады. Өз кезегінде меншік иесі нұсқаманы орындамады, осыған байланысты іс сотқа жіберілді.
2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап қала бойынша 35 заңсыз нысан толықн немесе жартылай бұзылды, оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ "Мечта" және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 23:26 12486
Қазақстан мен Қытай ақпарат саласындағы ынтымақтастықты күшейтпек
Достарға айту
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ҚХР Мемлекеттік хабар тарату және теледидар басқармасы басшысының орынбасары Ян Гожуймен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесуде тараптар бірқатар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын, сондай-ақ радиохабар тарату және теледидар саласындағы ынтымақтастықты күшету мәселелерін талқылады.
Қанат Ысқақов жылдар бойы екі ел түрлі салада, соның ішінде мәдениет пен ақпарат салаларында серіктестікті белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.
"Біз қазақстандық және қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастық табысты дамып келе жатқанын мақтан тұтамыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы жылдың сәуір айында Хэфэй қаласында өткен ШЫҰ-ға қатысушы елдердің қызметкерлеріне арналған семинарға қатысуын атап өту маңызды. Бұл Қазақстанның өңірлік бастамалар шеңберіндегі медиа-ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөлін көрсетеді",- деді вице-министр.
Өз кезегінде Ян Гожуй өзін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.05.2024, 12:05Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам тасқын суы жиналды 28.05.2024, 12:11 936Қазақстандағы су тасқыны: 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды28.05.2024, 12:07 836Қазақстан мен Қытай өзара сауданы кеңейту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда28.05.2024, 11:57 651ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің басшысына қатысты тергеу аяқталды28.05.2024, 12:33 556Тоқаев әзербайжандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
23.05.2024, 12:53 115341Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 111161АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 110106Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 20:23 87711"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 87591Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
02.05.2024, 16:37 124486Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 120781Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120541Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 117976Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 117771"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады