09.01.2023, 13:27 40396

Сөз бостандығына құқық: Қазақстанда БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленді

Сөз бостандығына құқық: Қазақстанда БАҚ туралы жаңа заң жобасы әзірленді
Сурет: atpress.kz
Жаңа заң сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің жаңа қағидаттары мен кепілдіктеріне негізделуі керек

Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Масс-медиа туралы" жаңа заң жобасын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.

Қолданыстағы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" ҚР Заңы ескірген, қазіргі заманның легіне сәйкес келмейді және масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастардың қазіргі заманғы талаптарын толық қанағаттандырмайды", - делінген "Ашық НҚА" порталында орналасқан заң жобасының мәтінінде.


Жаңа заң сөз бостандығы құқығын нығайтуға және қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің жаңа қағидаттары мен кепілдіктеріне негізделуі керек.

Сондай-ақ, құжатта сөз, шығармашылық, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа және өзге де нысанда білдіру, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен алу және тарату бостандығына ҚР Конституциясы кепілдік беретіні атап көрсетілген.

Жаңа заңда сөз бостандығы, пікір плюрализмі мен мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен өнегесін қалыптастыруға бағытталған қажетті шектеулер арасындағы тепе-теңдікті белгілейтін түбегейлі жаңа схеманы бекіту ұсынылады.

Негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталады", - деп түсіндірді АҚДМ.


Атап айтқанда, жаңа заңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабын ішінара декриминализациялау ("Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау"), бұқаралық ақпарат құралдарына шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді теріске шығаруға қойылатын талап қою мерзімдерін бекіту арқылы сөз бостандығы кепілдіктерін нығайту бойынша бірқатар новеллалар ұсынылады.

Жаңа заңның негізінде перспективалы және бәсекеге қабілетті жобаларды нақты гранттық қаржыландыру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалауға сапалы жаңа көзқарас қалыптастыру көзделеді. Сондай-ақ саланы қолдау шаралары ретінде субсидиялар бөлу жоспарланып отыр.

Жаңа заңнама шеңберінде бастамашылық етілетін барлық шаралар саланың қазіргі проблемаларын шешуге, мемлекет-БАҚ-қоғамның өзара іс-қимылының сапалы жаңа форматын құруға, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-ты қалыптастыруға ықпал етуге арналған", - делінген заң жобасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны