31.10.2006, 13:10 6266

Семейдегі түрмеден қашып кеткен қашқын Алматы облысында ұсталды

СЕМЕЙ. 31-қазан. Kazakhstan Today. Семей өңірі Жарма ауданының Солнечный ауылында орналасқан жалпы тәртіпті ОВ-156/18 абақтысында жазасын өтеп жүріп қашып кеткен қашқын Алматы облысында ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қаласының түзету мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі арнаулы мамандандырылған прокуратурасынан хабарлады.

"Қашқын бүгін таңертең 4 сағатта Алматы облысындағы өз үйінде қолға түсті. Қазір оны Семей өңіріне жіберу мәселесі шешілуде".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазанның 28-інен 29-ына қараған түні Жарма ауданының Солнечный ауылында орналасқан жалпы тәртіпті ОВ-156/18 абақтысында отырған тұтқын қашып кеткен. 22 жастағы қашқын осы жылдың тамыз айында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Қашқынның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу" жөніндегі 358-бабы, 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны