12.10.2007, 19:03 3138

Шымкентте қосалқы станция салуға арналған 111 млн теңгені жымқыру туралы атышулы іске қатысты тергеу аяқталды

Шымкентте қосалқы станция салуға арналған 111 млн теңгені жымқыру туралы атышулы іске қатысты тергеу аяқталды.

Шымкент. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері мемлекеттік бюджеттен "Северная" қосалқы станциясын салуға бөлген 111 млн теңгені қымқыру туралы қылмыстық істі сотқа жіберді. Бұл туралы журналистерге экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Медет Алтаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қуаныш-2" ЖШС директоры мен құрылыс бөлімінің бастығы өзара ымыраласа отырып, ипотекалық бағдарлама бойынша салынып жатқан жаңа ықшамауданда қосалқы электр станциясын салуға арналған жүз миллионнан астам теңгені жымқырған",- деп хабарлады қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы.

"Құрылыс бөлімінің меңгерушісі, өзінің өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, іс жүзінде атқарылмаған жұмыстардың жасалғандығы туралы жасанды актіге қол қойған, бұл 2006 жылдың 21 желтоқсанында "Қуаныш-2" ЖШС есепшотына 111 млн теңге аударуға негіз болған",- деп хабардар етті М. Алтаеев.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, тергеу барысында белгілі болғандай, есепшотына ақша түскен кейін "Қуаныш-2" ЖШС директоры төрт күн өте сала өзінің "АльянсБанкінен" алған 31 млн теңге көлеміндегі несиесін төлеген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, "Қуаныш-2" ЖШС директорының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (бөтен біреудің ірі көлемдегі сеніп тапсырылған мүлкін игеру немесе жұмсау), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 325-бабының 1-тармағы бойынша (жалған құжат жасау) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 222-бабы бойынша (салық төлеуден жалтыру) қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ М. Алтаевтың хабарлауынша, Шымкенттің құрылыс бөлімінің меңгерушісінің үсітінен үш бап бойыша: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-тармағы бойынша (лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 314-бабының 2-тармағы бойынша (қызметтік жалған құжат жасау) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 315-бабының 2-тармағы бойынша (қызметтегі әрекетсіздік) қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық іс қалалық сотқа жіберілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, қаржыны жымқыру туралы шу үстіміздегі жылдың көктемінде, энергетиктер құжатқа сәйкес "Северная" қосалқы станциясы салынған жерден ешқандай нысан таппаған кезде туындаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны