09.12.2021, 14:10 165224

Сирия бойынша Астана процесі аясындағы кездесуде бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалуы қаралады

Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Сирия бойынша Астана процесі аясындағы кездесуде бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалуы қаралады
Сурет: ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. 9 ЖЕЛТОҚСАН - Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдерінің келуі күтіледі. Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады", - деп хабарлады ҚР СІМ.

 
Сондай-ақ, кепілгер мемлекеттер – Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен Мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы жоспарлануда.
 
БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылайды.
 
Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады. Қорытынды мәлімдеменің мәтіні ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеулерді назарға ала отырып, пленарлық отырыстың өтуі жоспарланбаған. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны