15.11.2023, 18:40 38506

Солтүстік Қазақстан облысында әрекетке қабілетсіз тұлғаға заем қаражаты заңсыз рәсімделген

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын сақтау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмысы шеңберінде заем қаражатын заңсыз рәсімдеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарын бұза отыра, 2021 жылы "Kaspi Вank" АҚ-ы арқылы облыс орталығының тұрғынына сомасы 279 780 теңгеге несие шарты рәсімделген, ал соңғы психикалық ауруы бойынша екінші топтағы мүгедек, қабілетсіз тұлға болып табылады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау органымен ақыл-есі кемдік болғандықтан, әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен жасалғандықтан, сотқа несие шартын жарамсыз деп тану туралы талап қою берілді.

Соттың шешімімен прокурордың талабы қанағаттандырылды, несие шарты жарамсыз деп танылды, әрекетке қабілетсіз адамның құқықтары қалпына келтірілді.

Алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын сақтау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны