13.09.2007, 14:05 2853

Солтүстік Қазақстан облысында кеденшілер Ресейге әкетпек болған ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

Солтүстік Қазақстан облысында кеденшілер Ресейге әкетпек болған ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. ПЕТРОПАВЛОВСК. Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" постының кеденшілері Ресеге әкетпек болған ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Жаңажол" постында Көкшетаудың тұрғыны басқарып келе жатқан "ГАЗель" көлігі тоқтатылған. Екі жолаушысы мен жүргізушісі бар көлік Мәскеу бағытында Ресей Федерациясына бет алған.

"Жоғарыда көрсетілген тұлғалар кедендік декларация толтырғаннан кейін жүргізілген тексеру барысында олардың әрқайсысынан шетел валютасы табылған",- деп атап өтті кеденшілер. Олар, "көлік жүргізушісінің сөмкесінен 10 мың АҚШ доллары, 5500 ресей рублі және 90000 теңге көлемінде валюта табылғандығын, оның заңмен рұқсат етілген шетел валютасын алып жүру нормасынан асып кететіндігін" түсіндіріп өтті. "Кедендік бақылаудан жасырылып қалған валютаның жалпы сомасы 1 351 768 теңгені құрап отыр",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Кеденшілердің мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысының Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы жыл басынан бері барлығы 43 қылмыстық іс қозғаған, оның 23-і экономикалық қылмыстар желісі бойынша. "Аталмыш қылмыстық іс бойынша 61,4 млн теңгенің валютасы мен тауары тәркіленді",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны