19.05.2022, 19:25 34881

Сот жүйесін табанды түрде реформалау қажеттігі пісіп жетілді - Тоқаев

Мемлекет басшысы ашық әрі әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің–басымдығына баса мән берді.
Сот жүйесін табанды түрде реформалау қажеттігі пісіп жетілді - Тоқаев
Сурет: Pexels
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке меншік пен бизнес мүдделерін қорғауда ашық әрі әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің–басымдығына баса мән берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Судьяларды іріктеу қағидаттарын жетілдірмейінше осы бағытта жасалған барлық күш-жігер тиімсіз болмақ. Қазіргі уақытта сот жүйесінде екі мыңнан астам судья қызмет етіп жатыр. Жыл басынан бері сот жүйесіне қатысы жоқ басқа салалардан келген 50-ге жуық заңгер-практик судья болды. Ілгерілеу бар, бірақ жеткіліксіз. Бұл бағыттағы жұмысты жеделдету керек", – деді Мемлекет басшысы.

 
Президент сот төрелігінің қағидаттарын қамтамасыз етуді тағы бір басымдық ретінде атап өтті.
 

Сот жүйесін табанды түрде реформалау қажеттігі пісіп жетілді. Бұл қажеттілік судьялар тарапынан жақсы қабылданып жатыр. Реформа өз көздеген мақсатына қол жеткізеді деп санаймын. Біз мұндай сөздерді шетелдік инвесторлардан да, еліміздің кәсіпкерлері мен азаматтарынан да естіп жүрміз. Сондықтан мен жуық арада осы бағыттағы нақты ауқымды шараларды жариялаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны