24.11.2021, 19:59 41105

Стати ісі: Ұлттық қор активтерінен $530 млн-ға салынған тыйым алынады

Бұл Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкіне қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі.
Стати ісі: Ұлттық қор активтерінен $530 млн-ға салынған тыйым алынады
Сурет: inbusiness.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚАРАША - Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады. Статимен салынған тыйымның алынуы Брюссель Апелляциялық сотының 2021 жылғы 16 қарашадағы шешімінің тікелей нәтижесі болып табылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2021 жылғы 22 қарашада Анатол мен Габриель Стати Бельгиядағы Ұлттық қордың 530 миллион АҚШ доллары сомасына тең активтеріне салынған тыйымның күшін жою керек екендігін мойындады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкіне қарсы Бельгиядағы процесте Статидің ешқандай перспективасы жоқ екендігінің белгісі.
 

Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар және ол тек төрелік сотты ғана емес, сонымен қатар, төрелік шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырғанын анықтады", - деп атап өтті ведомствода.

 
Стати Бельгиядағы сот талқылауын 2017 жылдың соңында қозғады. Бұл 2018 жылғы мамырда Bank of New York Mellon сақтауындағы Ұлттық қорға тиесілі 530 миллион АҚШ долларына тыйым салынуына әкеп соқты.
 

Бельгиядағы 530 миллион АҚШ долларына тыйым салудан Статидің өз еркімен бас тартуы - олардың ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттерінің салдарының бірі ғана. Стати мен олардың сыбайластарының, оның ішінде Дэниел Чапман мен оның Аргентем Крик компанияларының алаяқтығынан заңның үстемдігін қорғау жолында Әділет министрлігі қол жетімді барлық құралдарды қолданатын болады. Бұл құқықтық қорғау құралдары Республикаға қарсы Статимен жалған және заңсыз қудалау науқанын жүргізіп жатқан Бельгияда және басқа да юрисдикцияларда бар", - деп ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Статидің мойындауына қатысты пікір білдірді.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны