13.03.2024, 16:32 25501

Су министрлігі: Биыл да Қырғызстаннан келетін судан тапшылық туындауы мүмкін

Су министрлігі: Биыл да Қырғызстаннан келетін судан тапшылық туындауы мүмкін
Сурет: depositphotos
ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев Мәжіліс депутаттарына биыл да Қырғызстаннан келетін судан тапшылық туындауы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Суармалы егіншілікке арналған барлық су алудың 11,1 текше шақырымы Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарына тиесілі. Суару алаңы - 1 млн 250 мың гектар. Бұл суаруға арналған барлық су алудың 97 пайызына тең. Ел бойынша айтсақ, барлық суармалы алқаптың 78 пайызы осы бес облыста. Егін суаруға кететін судың негізгі шығыны да осы өңірлерге тән", - деді ол Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында.


Вице-министр жаз кезінде Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында айтарлықтай су тапшылығы болмауы керек деп отыр. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында көрші елдердегі қуаңшылық салдарынан мәселе туындауы мүмкін.

Қырғызстанның Тоқтағұл қоймасындағы су көлемі былтырғыдан 300 млн текше метр аз. Ал Әндіжанда су көлемі былтырғыдан сәл жоғары. Ал Шыршық бассейніндегі су көлемі былтырғыдан 100 млн текше метрге аз. Судың келу көлемі аз болуы да содан. Биыл осы судың аз болуына байланысты проблемалар болу мүмкін. Осыған байланысты әкімдіктерге Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы "Достық" каналының ілінген алаңдарында күріш егуді алып тастау, Қызылорда облысында күріш егісін қысқарту ұсынылады", - деді Арсен Жақанбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны