21.02.2014, 19:43 5963

Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады

Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Талдықорған гарнизонында күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь пайдалануға берілді. Медициналық мекемені қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын.

Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді.

1973 жылы ашылған 100 орындық әскери госпитальге күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үй-жайларға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы медициналық құрылғылар сатып алынды. Осының арқасында әскери дәрігерлерге қаралушылар үшін жағдай барынша жақсарып отыр. Білікті және мамандандырылған жәрдем көрсету мақсатында госпиталь "Aloka SSD" ультрадыбысты аппаратымен, "Apollo" рентген аппаратымен, "Pentax" бейнеэндоскопиялық жүйесі және бейнегастрокопымен және "Ellips" эндобейнестойкасы сынды замануи құрылғылармен жарақтанған.

Сондай-ақ, күрделі жөндеуден өткен әскери госпитальде интенсивті және реанимациялық жәрдем көрсететін реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі ашылды. Талдықорған гарнизонындағы әскери госпитальдің әскери-медициналық қызметкерлері ем алушыларға хирургиялық, гинекологиялық және терапиялық жәрдемдердің барлық түрін жасайды, Сонымен қатар, бұл жерде әскери қызметшілерден өзге азамаматтық персоналға да сапалы ем көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны