11.04.2022, 17:08 20406

Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек министрлігін қайта басқарды

Тамара Дүйсенова ҚР Еңбек министрлігін қайта басқарды
Сурет: telegram/БОРТ №1
НҰР-СҰЛТАН. 11 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенованы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған Президент Жарлығында.

 
Еске салайық, Дүйсенова бұған дейін – 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпан айына дейін ЕХӘҚМ басшысы қызметін атқарған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны