21.09.2009, 15:23 1950

Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің бастығы қоластындағыларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелегені үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды

Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің бастығы қоластындағыларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелегені үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің бастығы қоластындағыларды жыныстық қарым-қатынасқа итермелегені үшін атқарып отырған лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімі бастығы тарапынан моральдық-этикалық нормаларды өрескел бұзу туралы екі қызметкер арызданып, онда бастықтың жыныстық қарым-қатынасқа итермелегенін, ол үшін материалдық көмек және қызметте жоғарылатуды ұсынғанын хабарлаған. Тексерістің нәтижесімен және ІІМ-нің Тәртіптік комиссиясының шешімімен Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасы Шығыс полиция бөлімінің бастығы полиция қызметкері атағына кір келтіретін әрекет жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды",- деді Қ.Жұманов.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Теміртау қаласы ІІБ-ның бастығы, Қарағанды облысы ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды. Қарағанды облысы ІІД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне толық сәйкес еместігі жайлы ескертілді, Қарағанды облысы ІІД-нің бастығына қатаң ескерту жасалды.

"Сонымен қатар, министр Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімі бастығына қатысты қызметтік тергеу материалдарын тексеріс жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау үшін ІІМ-нің Тергеу комитетіне жолдауды тапсырды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны