02.09.2022, 16:06 29936

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Ақорда резиденциясында 5 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерінің Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекет басшысына Ливия Елшісі Аладдин Абдулсалам Лехуайк, Кувейт Елшісі Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари, Словакия Елшісі Роберт Кирнаг, Алжир Елшісі Камал Фениш және Кения Елшісі Бенсон Генри Оума Огуту сенім грамоталарын табыс етті", - деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттармен әңгімелесу кезінде оларды еліміздегі дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.
 
Мемлекет басшысы Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған бейбіт және ашық сыртқы саясат жүргізіп жатқанын атап өтті.
 
Іс-шара соңында Президент түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктердің бар екенін айтып, Елшілерге елімізде игі міндеттерін орындауда Қазақстан үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны