05.04.2021, 18:22 6236

Тоқаев бірқатар тағайындаулар өткізді

Тоқаев ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мен сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады.
НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мен сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Ержан Ашықбаев қызметінен босатылды.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
 
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Ержан Қазыханов жаңадан бекітілген ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны