09.06.2022, 16:21 10951

Тоқаев ЕҚҚДБ Президентімен Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады

Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.
Тоқаев ЕҚҚДБ Президентімен Қазақстандағы инвестициялық жобалардың іске асырылуын талқылады
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
 
Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті. 
 
Сонымен қатар ол Қазақстан экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы көзқарасын білдірді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны