09.06.2022, 16:16 10976

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады

Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
 
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Қапанұлы Алдияров "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны