15.03.2023, 12:53 34086

Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді

Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін мәлімдеді
Сурет: akorda.kz
Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды

Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны