15.11.2021, 19:46 37406

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады
Сурет: Вечерняя Астана
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚАРАША - Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Жиын барысында Президенттің Ұлттық кеңес аясында бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ҰҚСК мүшелерінің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелері жөніндегі ұсыныстары талқыланады деп жоспарлануда", - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Отырыс Кеңестің өңірлердегі мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта өтеді. Президенттің Баспасөз қызметі 15:00-де Facebook әлеуметтік желісіндегі AkordaPress парақшасы арқылы ҰҚСК жиынынан тікелей көрсетілім ұйымдастырады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны