31.08.2021, 20:27 8205

Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшысының отставкасын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкасын қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қарап, оны қабылдады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Нәтижесінде 15 адам қайтыс болды, тағы біреуін іздеу жалғасуда. 90-нан астам адам жарақат алды.
 
Оқиға себептерін анықтаумен құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Алдын ала болжамдар бойынша себептер әртүрлі болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, өздігінен жану, химиялық реакция. Сондай-ақ қасақана өртеу немесе диверсия сияқты болжамдар да қарастырылуда. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны