20.08.2021, 19:19 13290

Тоқаев Ресейге сапары барысында Путинмен кездеседі

Екі ел басшылары өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасады.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ТАМЫЗ - 21 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында РФ Президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Екі ел басшылары Еуразия кеңістігіндегі өңірлік қауіпсіздік және интеграциялық үдерістер мәселелері бойынша пікір алмасады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны