Сурет: skc.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев атаған тағы бір маңызды мәселе – сатып алуларды реформалау.
Мемлекеттік сатып алулар – өте үлкен экономикалық ресурс. Оны дұрыс пайдалану керек. Бізде бұл үлкен проблема. Сатып алуларды бәсекесіз жолмен алып жүргендердің үлесі әлі де басым. "Самұрық-Қазына" қорының компанияларындағы сатып алуларды ерекше назарға алу керек. Сатып алулар саласындағы сыбайластық, жасырын өткізу және бағаны жоғары қою мәселелерімен шұғыл түрде айналысу керек. Бір ай уақыт беремін. Егер шешімі табылмаса, өте қатаң шаралар қолданылады. Менің "Платон менің досым, бірақ, ақиқат қымбат" деген қағиданы берік ұстанатыныма көздеріңіз жеткен болар", – деді Президент.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Мәжіліс отырысы барысында "Самұрық-Қазына" қоғамдық қорының тиімділігіне күмән келтірді.
Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорының қызметін қайта ұйымдастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.