Тоқаев Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді", - деп жазылған жеделхатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды
KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов құрылыс жұмыстары кезінде қолданылған заманауи электр желісі жабдықтары жоғары өнімділігімен ерекшеленетінін атап өтті.
"Индер’’ қосалқы станциясында орнатылған басқарылатын қосымша реакторлар кернеуді ауыстырмастан тұрақтандыратын бірегей кешен болып табылады. Ол сондай-ақ белсенді және реактивті қуат ағынын жылдам басқаруға мүмкіндік беретін ұзақ электр беру желілері мен тарату желілерінің ысыраптарын азайтып, жұмысының сенімділігін арттырады", - деді Нәби Айтжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Өңірлерде қысқа қажетті мал азығының 99%-ы дайындалды
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ желісі бойынша фермерлерге арзандатылған бағамен астық сатуға арналған 235 мың тонна көлемінде жем-шөп қоры қалыптастырылды. Жемшөп дайындау үшін қосымша 58 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. "ҚазАгроҚаржы" АҚ жем-шөп дайындау техникасының жеңілдікті лизингін қаржыландыру үшін 10 жылға 6%-бен 20 млрд теңге бөлді. Бұл бағдарлама бойынша 6,9 млрд теңге игерілді, бұл 35%-ды құрайды", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин.
Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несиелерінің мерзімін ұзарту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде 23,5 млрд теңгеге 574 өтінім мақұлданды, 16 млрд теңгенің 224 өтінімі қаралуда. Сонымен қатар Маңғыстау облысының малшылары үшін теміржол көлігімен мал азығын тасымалдау тарифтері 80%-ға төмендетілді.
13 өңірде мал азығын субсидиялау үшін тауар өндірушілерге барлығы 27,6 млрд теңге бағытталды, оның ішінде жедел штабтың ұсынысы бойынша 12,9 млрд теңге қосымша бөлінді", - деп атап өтті А.Бердалин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі. Біздің мемлекеттеріміз бір-бірінен алыста жатыр. Соған қарамастан, біз Тогомен тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Бұл елдің өзара тиімді ықпалдастық орнатуға ұмтылысын толық қолдаймыз. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 10 жыл толады. Осы кезеңде достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық нығая түсті. Қазір оны тың қарқынмен дамыта түсуге мол мүмкіндік бар. Жаңа ғана осы мәселені талқылап, маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Мұның бәрі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да саладағы байланысты жандандыруға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Екі ел үкіметтеріне тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге келістік. Әсіресе, Қазақстанның Тогоға дәнді дақылды экспорттау мүмкіндігі зор екеніне назар аудардық. Еліміздің бастамасымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы құрылғанын білесіздер. Мен Тогоны осы ұйымға мүше болуға, оның әлеуетін пайдалануға шақырдым", – деді Президент.
Мен Қазақстан кәсіпкерлері Тогоның тау-кен өндірісін зерттеуге дайын екенін атап өттім. Сонымен қатар екі елдің көлік-логистика саласындағы әріптестігі жан-жақты талқыланды. Қазақстанға Ломе портының әлеуетін қарастыру бойынша ұсыныс айтылды. Бұл теңіз айлағы қызмет ауқымы бойынша Батыс Африкада екінші орын алады. Біз өзара тиімді әріптестікті дамытуға барынша күш салуымыз керек. Сондықтан Того кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырдым. Олар форумда Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына мүмкіндік береді. Осы ретте Того жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бүгінгі қатынастарымызға тың серпін беру үшін елдеріміздің Құрметті консулдарын бекітуге келістік. Бұл келісімдер ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз", – деді Президент.
Әсіресе, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз ойдағыдай дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Африка Одағы сияқты құрылымдар арқылы өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
300 миллионнан астам халқы бар Батыс Африка елдерімен тауар айналымын жолға қойған Того қазақстандық инвесторлардың қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығымыз дамып келе жатқаны қуантады. Бүгінде сіздің елдің Тогоға астық жеткізу мүмкіндігі мол. Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Біз де өз елімізде цифрландыру жобаларын іске асырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жолға қоюға ниеттіміз. Бұл тұрғыдан сіздерден үйренеріміз көп", – деді Того Президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Малайзия Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейсті қайта іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді
Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз - Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Президентіміздің бастамасымен жаңа экономикалық саясат жүргізу арқылы 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың өсімін екі есе ұлғайтуды көздеп отырмыз. Осы салаларды дамыту Малайзиямен ынтымақтастығымызды кеңейтуге жол ашады деп сенемін. Мемлекеттеріміздің саяси және экономикалық серіктестігі парламентаралық байланысымызды тереңдетуге де септігін тигізетіні сөзсіз", - деді Е.Жаңбыршин.
2022 жылдың қорытындысы бойынша екі елдің сауда айналымы 130 млн АҚШ долларын құрады. Ол алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31 пайызға өсті. Малайзиядан Қазақстанға негізінен электронды құрылғылар мен пальма майы, ал Қазақстаннан химиялық заттар тасымалданады. Өздеріңіз айтып кеткендей, Қазақстан ынтымақтастықты ІТ саласында да дамытқысы келеді. Малайзия тарапы да дәл осы мәселені жоспарлап отыр", - деді Саид Ибрахим Бин Саид Нох.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде ақылы жолдар көбейеді
Қазір 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі",- деп хабарлайды Марат Қарабаев.
Кейінгі уақытта транзиттік ағынның өсуіне байланысты, жөнделген жолдарды нормативтік жағдайда сақтау үшін, жол ақысын қайта қарау бойынша жоспарлы жұмыс істеліп жатыр. Ақылы жүйе бірінші кезекте транзиттік көлік құралдарынан қаражат жинауға бағытталғанын ескере отырып, отандық тасымалдаушылар үшін ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем көзделген", - деді Көлік министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары қоғам талқылауына ұсынылды
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары туралы" жоба ресми интернет-ресурста және "Ашық НҚА" интернет-порталына орналастырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.11.2023, 12:49Қазақстанның батысында энергия желілері жаңғыртылды 29.11.2023, 15:16 13796Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді29.11.2023, 17:00 11686Қазақстан мен Түркіменстан көлік саласындағы өзара байланыс туралы Меморандумға қол қойды29.11.2023, 15:08 7386Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр29.11.2023, 16:25 6686Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
23.11.2023, 17:05 911912024 жылы "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады24.11.2023, 18:37 87501Қытай әуе компаниялары Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстерді ұлғайтуда24.11.2023, 18:30 86041Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде23.11.2023, 16:56 84546Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды24.11.2023, 18:25 75826Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады
02.11.2023, 18:58 203941Қазақстан Үкіметі "Газпроммен" стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасады02.11.2023, 16:46 189246Қазақстан Мажарстанға құны шамамен 700 миллион доллар болатын 95 түрлі тауар жеткізе алады - Тоқаев01.11.2023, 10:58 186241Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті03.11.2023, 20:35 154471Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті03.11.2023, 16:25 144866Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммиті өтті