28.10.2022, 13:46 35536
Тоқаев ТМД кеңістігіндегі кедергілерді жоюға және протекционизмге жол бермеуге шақырды
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Астана. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент ТМД елдері делегацияларының басшыларына ілтипат білдіре отырып, экономикалық серіктестікті кеңейту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Жуырда ТМД-ға мүше елдердің басшыларының Саммиті өтті. Біз өзара ынтымақтастықты арттыруға, экономиканың әлеуетін нығайтуға деген ортақ ниетімізді білдірдік", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев шиеленісе түскен геосаяси қайшылықтарға, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа назар аудара отырып, бірқатар тиімді шара қабылдауға шақырды.
Бұл ретте өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанның биылғы төрағалығы аясында ТМД-ның 2030 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының міндеттерін белсенді жүзеге асыру ісі жалғасты. Халықаралық нарықтағы дағдарыс жағдайына қарамастан, экономикамыз біртіндеп қалпына келе бастады", – деді Президент.
Мемлекет басшысы кедергілерді жоюға, протекционизмге жол бермеуге, қолайлы тарифтік шарттар қалыптастыруға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, Еуразия нарықтарына жаңа мүмкіндіктер ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының келешегі бар екенін жеткізді.
Бұл мәселенің өзектілігі артып келеді. ТМД-ға мүше мемлекеттер қолда бар әлеуетті дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Атап айтқанда, Иранға, Парсы шығанағы мен Үндістанға шығатын "Солтүстік – Оңтүстік" бағыты бойынша сауда-саттықты өркендету маңызды", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Астанада өтіп жатқан ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысы Достастыққа мүше елдердің алдында тұрған міндеттерді шешуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.10.2024, 16:34 111
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
Достарға айту
Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.
30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.
Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.
Еске сала кетейік, Қағидаларға сәйкес жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.10.2024, 11:21 196
Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" филиалында заң бұзушылықтарды анықтады
Достарға айту
Су ресурстары және ирригация министрлігі Алматы облысындағы "Қазсушар" филиалында заң бұзушылықтарды анықтады. Материалдар уәкілетті органдарға жіберілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша ведомство су ресурстарын басқарудағы заң бұзушылықтармен, судың "көлеңкелі" нарығымен және су саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы күресті жалғастырып жатыр.
Нәтижесінде, су ресурстарын заңсыз және тиімсіз пайдалану, мемлекеттік сатып алуға байланысты заң бұзушылықтар анықталды.
1. Алматы облысының Күрті ауданында шаруа қожалықтарының суармалы суды жергілікті "Қазсушар" филиалымен келісімшартқа отырмай пайдаланғандары анықталды. Атап айтқанда, 100 га егіс алқабын суару үшін суды заңсыз алған.
2. Сондай-ақ, кейбір гидротехникалық құрылыстардың тозуына байланысты каналда қосымша су шығыны анықталды. Яғни, филиал басшылығының нысандардың техникалық жай-күйіне жеткіліксіз бақылау жүргізуіне байланысты су ресурстарын тиімсіз пайдалану және есебін жүргізу оқиғалары тіркелді.
3. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуда заң бұзу фактілері анықталды. Филиал заңды және ішкі нормативтік құжаттарды бұза отырып, бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы 7 келісімшарт жасасқан. Осыған дейін, 2023 жылғы шілдеде жалпы сомасы 17,5 млн теңгеге Сол жағалау магистральды каналының жер бөлігін механикалық тазалау қызметін көрсетуге осындай тәсілмен шарт жасалған. Яғни, заң бұзушылық жүйелі түрде қайталанған.
4. Филиал директорының міндетін атқарушы жақын туыстарымен бірге жұмыс істеуге жол бермеу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген талапты сақтамаған.
Тексеріс қорытындысы бойынша барлық анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы сомасы шамамен 20 млн теңгені құрады.
Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға жіберілді. 3 құқық бұзушылық фактісі бойынша филиал директорының міндетін атқарушы тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды. Айта кету керек, директордың м.а. осыған дейін де бірнеше мәрте ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Облыстық филиалға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Қазсушардың" басқа да облыстардағы филиалдары тексерістен өтеді. Айта кету керек, судың "көлеңкелі" нарығымен тиімді күресу үшін министрлік жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде жаңа Комитет құрылды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата мен Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп жүргізген тексерістердің қорытындысы бойынша "Қазсушар" кәсіпорынының басшы лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысында суды заңсыз пайдаланудың 10 фактісін анықтады. Бүгінгі таңда филиал басшысы қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.10.2024, 11:16 406
Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Құжат Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.
Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде ұзындығы 11,5 шақырым ең тозығы жеткен автожол учаскесін реконструкциялауға бағытталады.
Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.
Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 17:27 26596
Қазақстан Президенті мен Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысы бірлескен көпжақты жобаларды іске асыруды талқылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.
Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.
Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл - саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 17:02 26846
Алматы музейлері Еуропа елдерін бағындыруда
Достарға айту
Мажарстан тұрғындары мен туристері "Қазақстан көшпенділері: өткені мен бүгіні" атты көрмеге ерекше ықыласпен баруда. Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі мажар қыпшақтарының астанасы - Карцаг қаласында ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Еуропалықтар назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды, олардың арасында ұлы Абай Құнанбайұлына тиесілі домбыра, XIII ғасырда Алматы аумағында соғылған күміс тиындар (дирхемдер), XIII-XX ғасырлардағы шекелік, алқа, білезік, сырға және жүзіктер сынды дизайны оюлармен әсемделген әрі күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған кілемдер, ат әбзелдері, музыкалық аспаптар және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сыр шертетін тұрмыстық заттар бар.
Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мажарстан аумағында Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады, сондықтан бұл мәдени іс-шара жергілікті халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге келген Карцаг қаласының тұрғындарының бірі - Шандор Бене өз әсерімен бөлісті.
Бүгін біз көптеген экспонатты көрдік, олар екі ел арасындағы терең байланысты айқындайды. Бұл көрмені әкелгендеріңізге өте қуаныштымын, өйткені ол ортақ дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды және мәдениетімізді көрсетеді. Әсіресе жастар қазақтар мен мажарлардың бауырлас халықтар екенін білетін болады. Бізде Карцаг қаласында ат спорты үйірмелері бар. Балаларды арнайы сол дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін береміз. Енді осы көрменің арқасында біз жастарға тарихымызды айтып қана қоймай, ата-бабаларымызды байланыстырған өмір салтын көрсете аламыз", - деді Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене.
Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлігінде қазақ халқының дәстүрі, салты, әдет-ғұрыптары, сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық музыкалық аспаптары көрсетілген экспонаттар ұсынылса, екінші бөлімде Алматы қаласының сұлу табиғаты мен заманауи келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрмені жергілікті халықпен қоса Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Карцаг қаласының мэрі Тибор Сепеши және елге ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.
Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен Аустрияда, Италияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда көрме өткізіп, Франциядағы Луврда кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында оқу оқыған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 12:42 31856
Ұлытау облысының жаңа әкімі тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", деп көрсетілген президент жарлығында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.10.2024, 11:09 32211
Соңғы 5 жылда алғаш рет Аралға су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды
Достарға айту
Биыл соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ға жуық орындалды. Жалпы 977 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары теңізге 350-400 млн текше метр су келіп отырса, биылғы жылдың басынан бері бұл көлем 2 млрд текше метрден асты, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 500 млн жіберу жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің су көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Теңізге осыған дейін вегетация кезінде секундына 7-10 текше метр су жіберілген болса, биыл секундына 60-70 текше метр су жіберілді", - деп мәлімдеді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнулла Қазтоғанов.
Бұдан бөлек, Ақшатау-Сорғақ және Қамыстыбас көлдер жүйесіне 45 млн текше метрден астам су жіберілді. Бұл балық шаруашылығы мен туризімді дамытуға тиімді әсер етіп отыр. Мәселен, соңғы жылдары Арал теңізінің минерализациясы азайып, балықтың көбейуіне жағымды әсер етуде. Теңіз тартылғаннан бері жергілікті балықшылар жылына 400 тонна ғана балық ауласа, қазір 7,5-8 мың тоннаға дейін балық аулайды.
Қаратерең ауылының 76 жастағы тұрғыны, балықшы Күнтуған Тұрғанбаев өмір бойы осы кәсіппен айналысып келеді. Оның айтуынша, туған өлкеге су келгелі жаңа мүмкіндіктер пайда болған.
Көзімізді ашқаннан теңізден балық аулаумен айналысып келеміз. Су келгелі балық та жанданып, дарияға кіріп жатыр. Биыл былтырғыға қарағанда балық көбірек. Аралды осы деңгейде ұстап тұрса, балық шаруашылығы дамиды", - дейді ол.
Осы ретте Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде. Екінші кезең Солтүстік Аралды тұрақты сумен қамтамасыз етуден бастап экономикалық және әлеуметтік жобаларды дамытуға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.10.2024, 17:29 56736
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге қойылатын талаптар күшейтіледі
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - Портал) мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін регламенттейтін және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейтетін қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізу туралы бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығына және "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында 22 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Құжатта Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тіркеуге және жіберуге қойылатын талаптар күшейтілді. Санаторий-курорттық емдеу қызметтерін жеткізушілер Порталда санаторийлік-курорттық ұйымдардағы орындардың жалпы саны бойынша, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен оларды бірге алып жүрушілер үшін берілетін орындардың саны туралы ай сайын жалпы алғнада төсек-орындар санының кемінде 10%-ы көлемінде деректерді енгізуге міндетті.
Сонымен бірге бұйрық жобасында оларға бару арқылы жеткізушілерге мониторинг жасау көзделген. Осылайша, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін тауарлар мен қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының сәйкестігі тексерілетін болады.
Мониторинг сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен немесе Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдарға бару арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссиялардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына мүгедектігі бар адамдардың шағымдарын қарау мерзімі 10 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер ретінде барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін ұйымдарды ғана жіберуді қамтамасыз етеді. Бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және олардың алушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.10.2024, 16:46Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады 04.10.2024, 13:26 87626Астана қаласында волонтерлік қозғалыстардың көшбасшыларының слеті өтті04.10.2024, 18:09 87436Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты03.10.2024, 14:20 86576Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады03.10.2024, 18:29 85921СҚО прокурорлары есірткіге қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын қабылдауда
26.09.2024, 18:14 100406Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 95891«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 94611Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 17:57 90191Қазақстан СТОБҮК ұйымына төрағалық етеді04.10.2024, 16:46 87671Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады