14.04.2022, 18:42 42901

Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Тоқаевтың жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Желдібайды өзінің баспасөз хатшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
 
Бұған дейін ол ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметін атқарған.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымын Берік Уәли атқарған болатын, ол қазіргі уақытта "Хабар" Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқаруда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны