06.04.2023, 09:36 52631

Тортаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Президент тиісті өкімге қол қойды
Тортаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
Астана. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Бауыржан Тортаев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

 
Бауыржан Тортаев 1967 жылы 18 қыркүйекте Семей қаласында туған. 1991 жылы Мәскеу мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
 
Мансап:
 
1991-1995 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет еткен.
 
1996-1997 жылдары - Семей облыстық экономика басқармасының бас маманы;
 
1997-1998 жылдары - Семей қаласы әкім аппараты құрама экономикалық бөлімінің консультанты;
 
1998-1999 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары;
 
1999-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасы ақпараттық-статистикалық орталығының бастығы;
 
2002-2008 жылдары - ҚР Статситика агенттігі төрағасының статистика бойынша орынбасары;
 
2008-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
 
2010-2011 жылдары - ҚРЭкономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры;
 
2011-2017 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
 
2017-2019 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
 
2019 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны