22.12.2022, 09:40 34556

ҚТЖ мен Антикор компанияның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізді

Компанияда анықталған фактілердің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде
Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2022 жылдың тамыз айынан бастап компанияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Нәтижесі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін ұсынымдарды қамтитын егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

ҚТЖ құқық қорғау органдарымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларға жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қазіргі уақытта компанияда анықталған фактілердің жолын кесу жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады ұлттық компания.


Бұған дейін хабарланғандай, Антикор ҚТЖ жұмысында көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Олар вагондарды беру кезіндегі әкімшілік кедергілермен және жемқорлық схемаларымен, тиісті цифрландырудың болмауымен, теміржолшылардың кәсіпкерлермен тікелей байланысымен, қағаз нысанда өтінімдер берумен және т.б. байланысты болған", - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Анықталған жемқорлық тәуекелдері қылмыстық статистикамен расталады. Мәселен, соңғы 5 жылда ҚТЖ лауазымды тұлғалары мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша 52 адам сотталды. Бұл саладағы қылмыстардың көпшілігі парақорлық (70%) және ұрлық (13%) фактілеріне байланысты.

Негізінен қылмыстар орындалған жұмыстар актілеріне қол қою кезінде заңсыз сыйақылар алумен, жұмысқа қабылдаумен және қызмет бойынша ауысумен, сондай-ақ жүктерді тасымалдау үшін вагондар мен тепловоздарды жеделдетіп және кедергісіз берумен байланысты", - деп хабарлайды Антикор.


Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде жүргізілген талдауға сәйкес ҚТЖ жекелеген бөлімшелерінде вагондармен айла-шарғы жасау бойынша жемқорлық схемалары құрылғанын атап өтті. Жасанды кедергілер мен оларды бөлудің жасырын процедурасына байланысты кәсіпкерлер өз мәселелерін ақша үшін бейресми түрде шешуге мәжбүр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны