24.02.2010, 17:20 3383

Үкіметте мұнай - газ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Үкіметте мұнай - газ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер - министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен мұнай - газ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыста мұнай - газ кен орындарын игеріп жатқан компаниялар жұмысының өзекті мәселелері және олардың Қазақстанның экологиялық заңдылық талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.

Сондай - ақ, премьер - министр мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстары мәселелері бойынша кеңес өткізді. Аталған мәселе Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін дамыту және қорғаныс қабілетін әрі қарай нығайту туралы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында талқылануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны