14.02.2023, 13:01 26606

Ваисов ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды

Ваисов ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: telegram/UKIMET
Сондай-ақ әділет вице-министрі болып Ботагөз Жақселекова тағайындалды

Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Даниель Мерейұлы Ваисов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Даниель Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

 "Әділет" жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде жеке келісім-шарт негізінде оператор болып бастаған.

2022 жылғы наурыз-қазан аралығы - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс департаменті Cалық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарма Салық төлеушілермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу бөлімінің бас маманының м. а., Салық заңнамасын түсіндіру басқармасы Салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2002-2003 жылдары - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық бақылау басқармасы Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

2003-2010 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-та Халықаралық келісім-шарттар департаментінің заңгері, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің бас заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің I санатты заңгері.

2010-2020 жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

telegram/UKIMET

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында туған.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Exeter University, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасының маманы қызметінен бастаған.

2002-2007 жылдары - ҚР Әділет министрлігі құрылымында түрлі қызметтерді атқарды.

2007-2012 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары.

2012-2013 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің бас сарапшысы.

2013-2015 жылдары - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

2015-2017 жылдары "СК-Фармация" ЖШС Стратегиялық даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Стратегия, талдау және халықаралық қатынастар департаментінің басқарушы директоры, директоры болып жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы.

2018-2019 жылдары - "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2019-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

Бұған дейін Евгений Кочетов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны