25.05.2012, 16:31 3166

Жаңаөзен мұнай компанияларының бұрынғы топ-менеджерлері 7-ден 8 жылға дейін сотталды

Өткен бейсенбіде Жаңаөзен қалалық сотында 3 адам - "Қазмұнайгаз" ӨБ" АҚ мен "Мұнай Экология Компаниясы" ЖШС-ның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іске бойынша үкім шығарылды.

Жаңаөзен. 25-мамыр. Kazakhstan Today - Жаңаөзен мұнай компанияларының бұрынғы топ-менеджерлері 7-ден 8 жылға дейін сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен бейсенбіде Жаңаөзен қалалық сотында 3 адам - "Қазмұнайгаз" ӨБ" АҚ мен "Мұнай Экология Компаниясы" ЖШС-ның бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іске бойынша үкім шығарылды.

Бұрынғы топ-менеджерлерге қарсы қызметтік бабын пайдалана отырып аса ірі көлемде сеніп берілген өзгенің мүлкін иемдену немесе жұмсап жіберу айыптары тағылған.

Аталған қылмыстық іс бойынша сот отырыстары ашық режимде процесс мүшелерінің қатысуымен өтті.

Мемлекеттік айыптаушылар соттан айыпталушыларды кінәлі деп танып, 7-ден 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған болатын.

Сот үкімімен:

Баймұхамбетов С.Г. ҚР ҚК 176 бабы 3 тармағы "б, г" тармақшалары бойынша қылмыс жасағандары үшін айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, мүлкін тәркілеу арқылы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге міндеттелді.

Иріпбаев Д.Б. ҚР ҚК 176 бабы 3 тармағы "б" тармақшасы бойынша кінәлі деп мойындалып, мүлкін тәркілеу және жалпы режимде жазасын өтеу арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Алшыбаев У.У. ҚР ҚК 176 бабы 3 тармағы "б" тармақшасы бойынша кінәлі деп мойындалып, мүлкін тәркілеу және жалпы режимде жазасын өтеу арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Қазір сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, маңғыстау облыстық соты аппеляциялық сот алқасы 15 күннің ішінде шағым түсіруге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны