31.05.2012, 13:45 8381

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі жаһандық бастамалар

Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша "Болашақтың энергиясы" деген тақырыпта Астанада өткізуге ұсынылып отырған EXPO-2017 көрмесі энергияның экологиялық таза және жаңартылатын көздерін дамыту жөніндегі әлем ғалымдарының күш-жігерін біріктіретін болады.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - Жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі жаһандық бастамалар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша "Болашақтың энергиясы" деген тақырыпта Астанада өткізуге ұсынылып отырған EXPO-2017 көрмесі энергияның экологиялық таза және жаңартылатын көздерін дамыту жөніндегі әлем ғалымдарының күш-жігерін біріктіретін болады.

"Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, біз EXPO-2017 көрмесіне дайындалуға және оны өткізуге дайынбыз. Оны ұлттық жоба деп санаймыз",- деді Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылы 14 наурызда Астанада Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясымен болған кездесуінде.

Осындай ауқымды көрмені өткізу Қазақстанға энергетика саласындағы үздік жобалар мен балама энергетикалық технологияларды дамытудың заманауи панорамасын таныстыруға мүмкіндік береді. Еліміздегі жел мен күн энергиясының ресурстары тұрақты және экономикалық тұрғыдан өзін-өзі ақтайтын энергетика көзі болып табылады. Қазақстан үшін басымдықты міндет - энергетикалық теңгерімдегі осы энергияның көздерін ұлғайту.

ЕХРО көрмесінің Астанада өткізілуін қолдау мақсатында 2012 жылдың мамыр айында V Астана экономикалық форумының аясында "EXPO-2017: Болашақтың энергиясы" деген тақырыпта сессия өткен болатын. Оның барысында энергияның балама көздерін дамыту мәселелері талқыланды. Энергетика саласындағы әлемнің жетекші ғалымдар мен сарапшыларының атап көрсетуінше, егер Қазақстан EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алатын болса, Астана энергияның жаңартылатын көздерін дамытудың үздік әлемдік жобалары мен үдерістері талқыланатын алаңға айналады.

Сонымен қатар, Астана көрмесі энергия үнемдеу және күн, жел, теңіз бен мұхит сулары және жер астынан шығатын ыстық су сияқты энергияның балама көздерін енгізу мәселелерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік бермек.

Айта кету керек, Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі іске асырып жатқан ҮИИД бағдарламасының аясында энергияның жаңартылатын көздерін дамытудың көрсеткіштері анықталып отыр. Оған сәйкес, елімізде 2014 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінен 1 млрд. кВт/сағаттан астам электр энергиясы өндірілуі керек. Қазақстан үшін аталмыш сектордағы бастапқы өсу жоспары осындай.

Астанадағы EXPO-2017 көрмесі - Орталық Азия және ТМД елдерінде өткізілетін алғашқы халықаралық көрме атана алады. Қазіргі таңда бүкіл әлем энергияның жаңартылатын балама көздеріне көбірек назар аударуда, EXPO-2017 көрмесінің арқасында Қазақстан экономикалық тұрғыдан өзін-өзін ақтайтын және экологиялық таза ресурстардың есебінен энергия теңгерімін толтырудың тәжірибелік шешімдері талқыланатын жетекші алаңға айналуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны