14.01.2021, 17:11 9980

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 15 қаңтарда өтеді

Нұр-Сұлтан. 14 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтті. 12 қаңтарда ОСК-да парламенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны