06.06.2013, 09:54 2720

АҚШ-та 84 жасар Флорида тұрғыны лотореядан 590 млн доллар ұтып алды

АҚШ тарихында лотореядан осыншама көлемде ұтыс жеңіп алу тұңғыш рет орын алып отыр. Алайда Маккензи бөліп төлеу емес, бір реттік төлем түрін таңдап алғандықтан, нақты ұтыс сомасы одан әлдеқайда аз шықты - оның қолына $370,9 миллион тиген.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - АҚШ-та 84 жасар Флорида тұрғыны лотореядан 590 млн доллар ұтып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-та Флориданың Зефирхиллс қаласында тұратын 84 жасар Глория Маккензи есімді әже лотореядан джек-пот бұйырып, 590 млн доллар ұтып алған.

АҚШ тарихында лотореядан осыншама көлемде ұтыс жеңіп алу тұңғыш рет орын алып отыр. Алайда Маккензи бөліп төлеу емес, бір реттік төлем түрін таңдап алғандықтан, нақты ұтыс сомасы одан әлдеқайда аз шықты - оның қолына $370,9 миллион тиген.

Жеңімпаз лотореяның штаб-пәтеріне жүлдесін алып кетуге келген кезінде оның сыртында жиналған тілшілерге қандайда бір сұхбат беруден бас тартты. Оның есімі, ойын ережесіне сәйкес, баспасөз мәжілісі кезінде бірақ жарияланды.

Маккензи өзіне сәттілік әкелген лотореяны Зефирхиллс қаласындағы супермаркеттен сатып алған екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Ең көп оқылғаны