19.01.2026, 13:02 961

Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция

Алматы мектептеріндегі террористік акт туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - полиция
Сурет: Polisia.kz
Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының мектептеріне террористік шабуыл дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Аталған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді - фейк. Қазіргі уақытта қаладағы білім беру ұйымдарындағы ахуал толық бақылауда. Полиция және өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, балалар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", - деп хабарлады полициядан.


Сонымен қатар полиция жалған ақпаратты тарату дерегі бойынша жедел-іздестіру шаралары басталғанын мәлімдеді. Фейктің таралуына қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылмақ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны